Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевпен бірге «Жасыл даму» АҚ «Эко Шина» ЖШС-ға барды.
Кәсіпорын тозған шиналар мен құрамында резеңке бар қалдықтарды кәдеге жарату/қайта өңдеу бойынша Қазақстан Республикасындағы ең ірі компания болып табылады. Қалдықтармен жұмыс істей отырып, кәсіпорын өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мәселесін шешеді, істен шыққан автомобиль шиналарының жиналуын жояды, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану есебінен ресурс үнемдеу бағытын дамытады.
Өз шикізатын пайдалана отырып, «Эко Шина» ЖШС еден резеңке жабындарын өндірумен айналысады. Резеңкеүгінділеріне негізделген жабын бұл заманауи құрылыста өз орнын мықтап алған және ашық және жабық спорт және аула ойын алаңдары үшін ең қолайлы заманауи ыңғайлы жабын.
Қызметтің негізгі бағыты металл емес қалдықтарды қайта өңдеу, резеңке-техникалық бұйымдарды өндіру, тозған автомобиль шиналарын жинау және қайта өңдеу және РТБ (резеңке-техникалық бұйымдар) өндіру болып табылады.
Мамандандырылған жабдықтар сатып алынып, резеңке үгінділер өндірісі, содан кейін регенерат (қалпына келтірілген резеңке қоспасы) өндірісі жолға қойылды, одан кәсіпорын ҚТЖ (Қазақстан Темір Жолы) үшін темір жол резеңке төсемдерін, сондай-ақ басқа да РТБ (техпластиналар, шлангтар, шнурлар және т.б.) шығара бастады.
Компанияның жұмыс істеп тұрған өнімділігі жылына 6 мың тонна, жобалық қуаты жылына 10 мың тоннаға дейін (тозған шиналарды қайта өңдеу) тауарлық өнім өндірумен резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған зауытты жаңғырту жоспарлануда, оның ішінде үгінділер – жылына 6 мың тонна, мазут-жылына 2 мың тонна, техникалық көміртек – жылына 3 мың тонна, жылына 38 млн.дана сақина – жылына 530 тонна.
Қаржыландырудың жеңілдетілген тетігі шеңберінде кәдеге жарату қаражаты есебінен алғашқылардың бірі болып «Экошина» ЖШС 500 млн.теңгеге жуық сомаға қаржыландырды.