«Көлсай көлдері» және «Шарын» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарының (бұдан әрі – МҰТС) аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) бөлек жинауға арналған жобасы «Жасыл даму» АҚ іске асырды.
Бұл жобаның негізгі мақсаты - халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, саяхатшылар арасында «айналаны таза ұстау» тұжырымдамасын қалыптастыру, қоршаған ортамен қатынаста зиянды әрекетерге жол бермеу.
Жоба ҚТҚ бөлек жинауға және халықтың қоршаған ортаға жанашырлығын қалыптастыруға бағытталған тұжырымдамаға сәйкес іске асырылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинау және кәдеге жарату жөнінде МҰТС қызметкерлері мен келушілерге оқу-ағарту шаралары жүргізілді.
Осыған байланысты, МҰТС-да ҚТҚ бөлек жинауға арналған 34 контейнер және 3 фандомат орнатылды.
Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында қалдықтарды бөлек жинауға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, ақпараттық баннерлер орналастырылды, тиісті анимациялық бейнероликтер көрсетілді. МҰТС саяхатшыларын қалдықтарды жинауға атсалысуына мүмкіндік беру үшін көлемі 20 литрден кем емес 200 мың данадан асатын биологиялық пакеттер ұсынылды.
Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер жоба тұжырымдамасына сәйкес тек МҰТС-ның кіру/шығу аймағында орналасқан. Оның себебі, саяхатшы саябаққа кірген кезде биологиялық пакет беріледі, кейін ол саяхаттау барысында пайда болған қалдықтарды жинап, саябақтан шыққан кезде әр тараптарға бөліп, арнайы орнатылған контейнерлерге тастайды. Саябақтар аумағында пластикалық бөтелкелерді қабылдауға арналған фандоматтар орнатылған. Бұл қалдықтарды дұрыс сұрыптап қана қоймай, дүкендерден жеңілдік бонустар алуға болады. Аталған тәсіл табиғи мұраны сақтауға әр адамның жауапкершілігін арттыруға бағытталған.